Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы

ҚР БҒМ «Оқулық» ғылыми-практикалық орталығының Ғылыми кеңесі

             Орталықтың  Жарғысына  сәйкес,  Ғылыми кеңес Орталықтың қызметіндегі негізгі ғылыми-әдіснамалық  және  әдістемелік мәселелерді жалпы  үйлестіру  жұмысын  жүзеге асырады.  

            Орталықтың  Ғылыми кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, ҚР  «Білім туралы» Заңына, ҚР Білім беру мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Зияткерлік меншікті қорғау туралы құқықтық актілерді, Орталықтың Жарғысын, Ғылыми кеңес туралы Ережені  басшылыққа алады.

Ғылыми кеңес қызметінің  негізгі бағыттары:

          Орталықтың  Ғылыми  кеңесі  алқалық басқару ұйым  болып табылады, ол Орталықтың  стратегиялық дамуын зерттейді, құрылымын жетілдіреді,  кадрлық, қаржылық және материалдық қорды ұтымды  қолдануға  ықпалдасады. Құзыретті білім беру мазмұнын таңдау тәсілін жетілдіруге және дамытуға ықпалдасатын оқу әдебиеттерді әзірлеу, басып шығару және сараптама жасау барысын   ғылыми-әдіснамалық және әдістемелік қамтамасыз етуде  мемлекет саясатын,   даму тенденциясын айқын  көрсететін тиімді үлгі құрастырады және құрады, барлық білім беру деңгейлерінің ұйымдарына арналған оқулықтарды және оқу-әдістемелік кешендерді (бұдан әрі - ОӘК) әзірлеу және басып шығару үдерісін оқу-әдістемелік құралды  қамтамасыз етуде негізгі бағыттарды анықтайды.

 

Ғылыми кеңестің  негізгі міндеттері:

 

-       Орталықтың және оның бөлімшелерінің стратегиялық, операциялық және басқа да жоспарларын бекітеді және жүзеге асырылуы бойынша  есебін тыңдайды;

 

- Орталық өткізетін ғылыми-практикалық, халықаралық байланыс бойынша жұмыстардың, мәжілістер мен конференциялардың бағдарламаларын бекітуге ұсынады;    

- білім мазмұны мен оқулықтанудың өзекті мәселелері, білім мазмұны мен оқулықтану, оқулық шығарудағы халықаралық тәжірибелерді зерттеу бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулердің тақырыптарын бекітеді; 

-    Орталықтың ғылыми-әдіснамалық және әдістемелік қызметіндегі мәселелері  бойынша шешім қабылдайды;

     - білім берудің барлық деңгейіне арналған типтік оқу бағдарламаларына, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер және басқа да оқу-әдістемелік материалдарға (электронды түрлерін қоса алғанда) сараптама жүргізу  мен ұйымдастыру жұмыстарын қорытындылайды;  

- білім берудің барлық деңгейіне арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер, оқу-әдістемелік құралдарға сараптама, мониторинг жүргізу, сынақтан өткізу, оларды әзірлеп, басып шығару механизмін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасайды;   

    - құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне, әдістемелік құрал әзірлеушілерге  әдістемелік көмек көрсетеді;

    - білім беру және ғылым мекемелерімен шығармашылық байланыс орнату, Орталық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жұмыстарын ұйымдастыру мәселелерін үйлестіреді;

    - жоспарланған жұмыстардың материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етілу мәселелерін қарастырады, Орталық құрылымы бойынша ұсыныстарды талқылайды.

- Орталық Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі мәселерді қарастырады. 

        Ғылыми кеңес Орталықтың қызметін жетілдіру және дамыту бойынша  «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК басшылығына   ұсыныс енгізуге құқылы.

Ғылыми кеңес Орталық жұмысын белсендіру және жетілдіру бойынша, құрылымдық бөлімше қызметкерлерін көтермелеу немесе оларға тәртіптік жаза қолдану жайында  шешім шығарады.