Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы

Астанада қазан айының 4–7 аралығында ТМД елдері мұғалімдері мен білім беру саласы қызметкерлерінің VII съезі мен II Халықаралық фестивалі өтті. Жиын барысында ТМД-ға мүше мемлекеттердің өкілдері білім саласындағы ынтымақтастықты талқылап, өзара тәжірибе алмасты.
Съезд бен мұғалімдер фестивалі аясында пленарлы және секция отырыстары ұйымдастырылды. Мұнда жан-жақтан келген педагогтер білім мазмұнының жаңғыруы, жаңа заманның мектепке әсері, жеке тәжірибе зерттеуі, оқушыларды бағалаудың тиімді әдістері және өзге де маңызды тақырыптарды талқылады. Съезге BMSO сарапшылары да қатысып, толғандырған сұрақтары бойынша пікір алмасты.
Сонымен қатар, кезекті съезд аясында диалог алаңдары жұмыс істеді. «Цифрландыру дәуірінде оқу сауаттылығын арттырудың жаңа тәсілдері» атты №1 диалог алаңында BMSO директоры Елдос Болатханұлы модератор болды. Мұнда спикерлер оқу сауаттылығының халықаралық тәжірибедегі көрінісі, PISA зерттеуінің нәтижелері, балалар арасында көркем мәтіндерді оқу қарқыны және оқу сауаттылығын арттыруда жаңа технологияларды ұтымды пайдалану мәселелерін талқылады. 
Пікір алмасуға қатысушылар белсенді араласып, ой-пайымдарын ортаға салып, отырыс спикерлеріне өз сұрақтарын тікелей қойды. Жиналғандар оқу сауаттылығының ара-жігін ажыратып, оны арттырудағы педагогикалық әдістермен бөлісті.