Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы

20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында жаңадан әзірленген 2-сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық/Цифровая грамотность», «Француз тілі», 3,5,7-сыныптарға арналған «Неміс тілі» және 7-сыныпқа арналған «Химия», «Биология», «Физика» қостілді пәндері бойынша қоғамдық талқылау өтеді. Іс-шараны ҚР БҒМ Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы ұйымдастырады.

Қоғамдық және ғылыми талқылауға педагогикалық қоғамдастық өкілдері, республикамыздың барлық аймағының әдістемелік кабинеттері мен Орталықтарының мамандары және оқулық сапасына бейжай қарамайтын қазақстандықтар қатысады деп күтілуде.

Мұндағы мақсат – педагогика қауымы мен белсенді азаматтардың жоғарыда аталып өткен оқулықтардың мазмұны мен құрылымына, әдістемесіне қатысты конструктивті пікірін білу, сын-ескертпелері мен ұсыныстарын назарға алу. Бұл сапалы, әрі ең тиімді деп танылған оқулықтарды іріктеу процесінде оң ықпал етеді.

Иесіздендірілген оқулықтардың түпнұсқа-макеттері http://www.saraptama-edu.kz сайтында орналастырылды.

Қоғамдық талқылауға қатысу үшін төмендегі тәртіптерді орындау керек:

1. www.saraptama-edu.kz веб-порталына тіркелу;

2. Иесіздендірілген оқулықтардың түпнұсқа макетімен танысу;

3. Оқулықтардың мазмұны мен құрылымына, әдістемесіне қатысты конструктивті пікір, ұсыныстар мен ескертпелерді «пікір қалдыру» ұяшығына жазып, жолдау керек.