Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы

Қолданыстағы 1–11-сыныптарға арналған барлық мектеп оқулығының электронды нұсқалары (100%) ақысыз түрде қолжетімді.

Құрылымы мен мазмұны қағаз түпнұсқаға сәйкес келетін оқулықтардың электронды нұсқасы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми сайтына орналастырылды.

Кез келген тұлға оқулықтарды пайдалану үшін тегін жүктеп, қолдана алады. Министрлік мақұлдаған қазақ тіліндегі оқулықтардың электронды нұсқасын қолдану/жүктеу үшін келесі сілтемеге өтіңіздер.  

https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/article/details/60219?directionId=3599&lang=kk

Егер орыс немесе ағылшын тіліндегі оқулық қажет болса, сайт тілін (RU, EN) ауыстыру арқылы жүктеуге болады.

ЕСКЕРТЕМІЗ! ҚР БҒМ сайты – жалғыз сенімді дереккөз. Қажетті оқулық нұсқасын осы жерден қолдануды/жүктеуді сұраймыз. Өзге ресми емес, күдікті сайтқа мейіліңше жүгінбегендеріңіз жөн. Мұндай веб-порталдарда, әдетте, жағымсыз әрі қажетсіз жарнама қатар жүреді. Сол себепті, жоғарыда көрсетілген сенімді әрі ресми сілтемені қолданған абзал.