Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы

Құрметті Қазақ елі, отандастар, әріптестер!
ҚР БҒМ республикалық ғылыми-практикалық Білім мазмұнын сараптау орталығының ұжымы Сіздерді Қасиетті Құрбан Айт мерекесімен шын жүректен құттықтайды! 
Мұсылман бауырлардың ұлық мерекелерінің бірі саналатын айт мейрамы баршаңызға мүбәрак болсын. Бұл күні қылған ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болып, шаңырақтарыңыз құт-береке мен төрлеріңіз ырыс-ынтымаққа толсын. Жаратқан иеміз баршаңызға ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, шуақты күндер нәсіп етсін. Арайлап атқан әрбір таң молшылық пен шаттық әкелсін.
Әрдайым отбасыларыңыз аман, жүздеріңіз жарқын, мерейлеріңіз үстем болсын!
Аман-есен айттан айтқа жете берейік!