Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы

Бүгіннен бастап ресми түрде «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының атауы Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы болып ауысқанын хабарлаймыз.

Сонымен қатар мекеменің ұйымдық-құқықтық формасы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыннан, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға ауысты.

Бұл өзгерістерге «Оқулық» орталығының қызмет ауқымы мен беделін арттыру мақсаты себеп болды.

Сондай-ақ мұның стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруда және шаруашылық басқарудағы мүмкіндіктерді кеңейтуде маңызы зор екенін атап өткіміз келеді.