Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы

2018 жылғы желтоқсанның 25-күні «Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы қызметкерлері «Латыннегізді  әліпби және ұлттық жазу: жаңа білімдер жүйесі» оқыту семинарына қатысты.

Семинар барысында ҚР Мәдениет және спорт Министрлігі «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғылыми қызметкерлері ф.ғ.к. А.Фазылжанова, ф.ғ.д., профессор К.Кудеринова, ф.ғ.к. С.Сапина қатысушыларды жаңа әліпбиге көшудің түрткіжайттарымен,  жаңа емлемен таныстырды.  Сондай-ақ семинарда «Ауызша және жазбаша тіл, өзіндік ерекшеліктері», «Оқу бағдарламасы, оқулық мазмұнына енгізілетін жаңа білімдер жүйесі», «Фонетика, фонология, орфоэпия, интонация» «Граммотология», «Тіл мәдениеті» тақырыптарындағы дәрістер тыңдалып, дәстүрлі орфографиялық норма,  шеттілдік сөздер емлесі бойынша практикумдар жүргізілді.

Алдағы уақытта осындай семинарлар оқу әдебиеттерінің сарапшылары мен авторларына арналып ұйымдастырылатын болады.