Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы

«Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылғы 21 желтоқсанда оқу әдебиеттерінің сарапшыларына арналған «Оқу әдебиеттері сапасын сараптамалық бағалау әдістемесі» тақырыбындағы оқыту семинары өткізілді. Семинардың мақсаты –  жаңартылған мазмұндағы оқу әдебиеттерінің  сарапшыларына әдістемелік  және практикалық көмек көрсету. 

Семинар барысында Орталық директорының орынбасары                               Ә.Т.Дүйсебек «Оқу әдебиетінің мазмұнын жобалаудың  заманауи әдіснамалық  тәсілдемелері» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар, Қазақ технология  және бизнес университетінің профессоры Ермеков Н.Т. «Сандық жүйеге көшу жағдайындағы білім беру ресурстары:  классификациясы  және сапасын бағалау критерийлері», «Өрлеу» БАҰО Қарағанды облысы бойынша  филиалының аға оқытушысы                        Акульбекова Н.З.,  «Оқулық – білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру», «Өрлеу» БАҰО Астана қаласы  филиалының тренері   Ғалымжанов Б.Ғ. «Мұғалімдерге арналған әдістемелік құралды әзірлеу бойынша ұсыныстар» тақырыптарында баяндамалар жасады.

Орталық директорының орынбасары С.Қ.Омаров қатысушыларды 4, 9 және 10 сыныптарға арналған  оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сараптау сапасына жүргізілген мониторинг қорытындыларымен таныстырды.

Семинардың практикалық бөлімінде Тілдік пәндер бойынша (қазақ және орыс  тілдерінде), Математика, информатика және физика пәндері бойынша, Жаратылыстану пәндері бойынша, Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша оқу әдебиеттерінің сарапшыларына арналған тренингтер өткізілді. Тренингтер барысында 4, 9 және 10 сыныптарға арналған  оқу әдебиеттерін сараптама жасаудың барысы талқыланып, туындаған бірқатар мәселелер, сараптама жасау сапасын жақсартудың жолдары талқыланды. Сарапшылардың біліктілігін арттыру, оқулықтарды  бағалау критерийлерін жетілдіре түсу бойынша ұсыныстар енгізілді.