Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы

2018 жылдың 3-шілдесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұжымы Корей Республикасы «Кореятану Академиясының» басшыларымен және қызметкерлерімен кездесті.

Кездесуге Кореятану Академиясының вице-президенті Чон Кёнг-Мок, «Халықаралық ынтымақтастықты дамыту» орталығының директоры Янг Ёнг-Кён, «Халықаралық ынтымақтастықты дамыту» бөлімінің бастығы Пак Со-Ёнг, «Халықаралық ынтымақтастықты дамыту» бөлімінің ғылыми қызметкері Чан Ги-Хонг қатысты.

«Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Бейбіткүл Сарсемханқызы Кәрімова қонақтарды Орталық қызметінің негізгі бағыттарымен, оқулықтарды әзірлеу, бағалау және іріктеу тәртібімен таныстырды.

«Алматыкітап» баспасының «География» оқулығының авторы Руслан Әділханұлы Қаратабанов және «Мектеп» баспасының «География» оқулығының авторы Күләш Дүйсембинқызы Қаймұрдинова қазақстандық «География» оқулықтарында Корея Республикасы туралы деректердің көрсетілуі жайында ақпарат берді.

Кездесуге қатысушылар авторлар мен сарапшыларды оқыту, оқу басылымдарын сараптау, білім мазмұнын жаңарту саласы бойынша Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасында тәжірибе алмасу мен ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтіп, болашақта бірлесіп атқаратын іс-шаралар туралы пікір алмасты.