Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы

2017 жылдың 1 және 2 маусым күндері ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы Алматы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетнің базасында  оқу әдебиеттерінің авторларына арналған оқыту семинарын өткізді.

 Семинар тақырыбы: «Жаңартылған мазмұндағы оқулық: әзірлеу және сапасын қамтамасыз ету мәселелері»

Мақсаты: 3, 6, 8 - сыныптарға арналған жаңартылған мазмұндағы оқулықтарды әзірлеуде авторларға практикалық көмек көрсету

Семинарға 3, 6, 8 - сыныптарға арналған оқулықтардың авторлары, баспа редакторлары мен әдіскерлері, шамамен 200-ден астам адам қатысты.

 

Семинардың бірінші  күні төмендегідей баяндамалар тыңдалды:

1.«Жаңартылған мазмұндағы оқулықтарды енгізу барысы туралы» баяндамасымен «Оқулық» РҒПО директоры Бейбіткүл Сәрсемханқызы  Кәрімова;

2.«Заманауи оқулықтарды әзірлеудің әдіснамалық тәсілдемелері» және «Оқу әдебиеттерін әзірлеу мен оның сапасын бағалаудың нормативтік негіздері» баяндамасымен «Оқулық» РҒПО директорының орынбасары Әділхан Төлегенұлы Дүйсебек;

3.«Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары мен МЖМБС ерекшеліктері» баяндамасымен Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, Трансляция орталығының директоры Алмагүл Кенесханқызы Мұхамедханова;

4. «Критериалды бағалау. Қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың оқу әдебиеттеріндегі көрінісі» баяндамасымен «НЗМ» ДББҰ ПӨО критериалды бағалау бөлімінің басшысы Д.Б. Зиеденова;

5. «Оқулықтар мен ОӘК әзірлеу барысында жіберілетін қателер (1, 2, 5 және 7-сынып оқулықтарын әзірлеу тәжірибесінен)» баяндамасымен «Оқулық» РҒПО зертхана меңгерушісі Л.Р. Баимбетова сөз сөйледі.

Семинардың екінші  күні тыңдалған баяндамалар:

1.«Заманауи оқулықтарды әзірлеуде қойылатын лингвистикалық талаптар» баяндамасымен А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары А.М. Фазылжанова;

2.«Оқу әдебиеттеріне қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар (салмағы, форматы, өлшемі, безендірілуі, түсі, қаріп мөлшері, т.б.)» баяндамасымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг орталығы Г.С. Какимова;

3. «Оқулықтарды қоғамдық бағалау мәселелері» баяндамасымен «Оқулық» РҒПО зертхана меңгерушісі Г.М. Түсіпова;

4. «1-сынып оқулықтарын қолдану тәжірибесінен (Математика оқулығы бойынша»)» баяндамасымен Алматы қаласы №15 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері А.О. Копина, Ж.И. Жартыбаева;

5. «1-сынып оқулықтарын қолдану тәжірибесінен («Жаратылыстану» оқулығы бойынша)» баяндамасымен Алматы қаласы №15 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері М.Р. Жамекова, С.Т. Шарғынова;

6.«1-сынып оқулықтарын қолдану тәжірибесінен (қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша)» баяндамасымен Алматы қаласы №15 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері Г.Р. Мелдебекова, Ж.У. Дильдаева, Г.А. Атембаева сөз сөйледі.

Семинарға қатысушылар іс-шараның өткізілуінің маңыздылығын, дер кезінде өткізіліп отырғанын және семинар бағдарламасына енгізілген  мәселелердің өзектілігін  атап өтті. Бұл семинар 3, 6 және 8 сыныптарға арналған оқулықтар авторларына нақты көмек болатынына және әзірленетін оқулқтардың  сапасының жақсаруына ықпал ететініне сенім білдірді.

Семинарда жасалған баяндамалар қатысушылардың аса қызығушылығын тудырды. Оқулық авторлары  бірнеше өзекті сұрақтарға жауаптар мен түсініктемелер алды.