Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы

11 қазан Нұр-Сұлтан қаласында Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы (BMSO) мен Алматы менеджмент университеті, АҚШ-тың Lehigh University өкілдері іскерлік кездесу өткізді.

Кездесу барысында келген тарап өкілдері «Тұрақты даму саласындағы мектеп оқушыларының білімі» жобасы аясында әзірленген Save Tuba қосымшасын таныстырды. Жоба жетекшісі, Lehigh University вице-провосты Ханжана Мехта жоба ауқымын кеңейту және мазмұнын талқылау мақсатында елордаға арнайы келген. 

Оның айтуынша, жоба арқылы оқушылар экологиялық білімдері мен сауаттылығын арттырып, қалдықтарды қайта өңдеудің маңызын ойын арқылы, қарапайым формат арқылы сезінеді. Қоршаған ортаға сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарауға дағдыланады.

Кесдесу соңында екі тарап алдағы уақытта етене жұмыс істеуге, түрлі жобаларды бірлесіп атқаруға уағдаласты.