Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы

«Оқулық» орталығына жаңа басшы келді

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың бұйрығымен «Оқулық»  республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры болып Елдос Болатханұлы Нұрланов тағайындалды. 

Елдос Болатханұлы еңбек жолын колледж оқытушысы ретінде бастап, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, ҚР БҒМ жанындағы Ақпараттық-талдау орталығының вице-президенті, Астана қаласы әкімдігі Гуманитарлық колледжінің директоры, Назарбаев университетінің ғылыми қызметкері лауазымдарын атқарған. 2020-2025 жылдарға арналған Білім және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының және «Педагог мәртебесі туралы» Заңның жобасын әзірлеуге белсенді қатысқан.

ҚР Білім және ғылым министрі Құрмет грамотасымен марапатталған.