Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы
«Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және Кәсіби Психологиялық Лигасының ұйымдастыруымен еліміздегі оқу әдебиеттері сарапшылары үшін «Оқу әдебиетіне қойылатын психолингвистикалық талаптар және оқулық мәтінінің этномәдени сипатын бағалау» тақырыбына арналған екі күндік вебинар аяқталды.
 
Іс-шара мақсаты – оқу әдебиеттерінің сарапшыларына оқу әдебиетіне қойылатын психолингвистикалық талаптар туралы түсінік беру, оқулықтағы негізгі білім мазмұнын қамтитын мәтіндік ақпараттың этномәдени сипатына баға беру тәсілдерін үйрету.
 
Вебинар барысында «Оқулық» РҒПО директорының м.а. Әділхан Дүйсебек, ҚР ҰҒА академигі, ф.ғ.д., профессор Шерубай Құрманбайұлы, Лингвистикалық психофизиологияның негізін қалаушы, Еуропа жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Лейбниц, медицина ғылымдарының кандидаты Алексей Биркин, ф.ғ.д., профессор, психотерапевт, Валерий Белянин (Торонто, Канада), Doctor of Medicine, психолингвистика бойынша сарапшы Айрат Мустафин (Ресей, Мәскеу), ф.ғ.д., Ресей халықтар достастығы университетінің профессоры, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, психолингвист Ирина Карабулатова баяндама оқыды.
 
Баяндамаларда негізінде «Оқулық мәтінінің этномәдени сипатын бағалау», «Лингвистикалық психофизиологияға кіріспе», «Оқулық әзірлеудегі психолингвистикалық және психодидактикалық талаптар», «Психолингвистикалық сараптаманың әдістері мен критерийлері», «Қауіптілігі ықтимал мәтіндер», «Мәтінді психолингвистикалық сараптаудың негізгі аспектілері» сынды тақырыптар кеңінен тарқатылды.
 
Респубилика бойынша 170-тен астам педагог мамандар қатысқан іс-шараның қорытындысында Оқулықтарды психолингвистикалық және этномәдени сараптау жұмыстарының маңыздылығы айқындалып, аталған бағытта кешенді жұмыстар жалғасын табатындығы айтылды. Республика бойынша вебинарға қатысқан барлық сарапшыларға «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және Кәсіби Психологиялық Лигасынан біліктілікті арттырғандығын растайтын арнайы сертификат берілді.