Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы

Бүгін «Оқулық» орталығы білім басқармаларының оқулықтарға жауапты мамандары үшін «Білім беру ұйымдарының оқулықтармен қамтамасыз ету процесін ұйымдастыру және кітапхана қорын толықтыру бойынша кәсіби құзыреттілікті жетілдіру» тақырыбында онлайн-курстар өткізуді бастады.
 
      Бұл шара өңірлердегі білім басқармаларының, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің мамандарына білім алушыларды оқулықтармен қамтамасыз етуде біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.
     Осы бағдарламаны іске асырудың мақсаты – оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету процесін тиімді ұйымдастыру және білім беру ұйымдарының кітапхана қорын толықтыру бойынша кәсіби дағдыларды жетілдіру болып табылады.
     Міндеттер:
1. Қамтамасыз ету процесінің құқықтық базасының құрылымы, стандарттары туралы білімді кеңейту және тереңдету;
2. Осы процестің заманауи тәсілдері саласындағы білімді кеңейту;
3. Оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету процесін жетілдіру бойынша дағдыларды дамыту;
4. Жергілікті деңгейде оқулықтармен қамтамасыз етудегі қауіптерді болжау және шешу;
5. Қамтамасыз ету процесін жоспарлау және басқара білу.
Аталған шара а.ж. 16-30 қараша аралығында жалғасады. Екі апта бойы мамандар үшін сабақтар теориялық және практикалық түрде жүргізіледі. Қорытындысы бойынша сертификаттар беріледі.