Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы

    Мектеп кітапханасы мектеп білімін жаңартудың ресурстық базасы, мұғалімдерге ақпараттық орталық болып табылады.
 
     Осы себептен мектеп кітапханашысына қойылатын талаптар күн сайын артып, функциялары кеңеюде. Мектеп кітапханашысы негізгі білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға қатысып, педагогикалық ұжыммен бірлесіп жан-жақты тәрбие жұмысын ұйымдастырады. Педагогикалық және әдістемелік кеңестер мен бірлестіктердің жұмысына қатысады. Сондай-ақ ата-аналар жиналысын өткізуге қатыса отырып, баяндама жасайды, оқу-тәрбие процесіне қарасты сабақтан тыс іс-шаралар өткізеді. Мектеп кітапханашысы білім алушылардың көркем әдебиетті оқуға баулуға шабыттандырушы, әрі идеялық орталығы болып табылады.
  -  Мектеп кітапханашылары Назарбаев Зияткерлік мектептері аясында өткізілген оқушылардың функционалдық сауаттылығына бағытталған жаңартылған білім мазмұны бойынша курстардан өтіп, жалпы білім беретін мектептер жағдайында алған білімдерін іске асыру үшін барлық мүмкіндіктерді жасау үстінде.
  -  Қазіргі уақытта мектеп кітапханашыларының алдында мектеп кітапханаларының жұмысын жаңғырту бойынша үлкен талаптарды шешу міндеті тұр:
  1) мектеп кітапханалары үшін баспа және электронды басылымдардың бірыңғай электронды каталогы мен білім беру ресурстарын құру. Сондай-ақ басылымдарды орталықтандырылып каталогтауды қамтамасыз ететін ақпараттық ресурстарды әзірлеу
  2) оқулықтар қорын жаңарту процесінің түрі бойынша көркем әдебиет қорын жаңарту процесін реттеу.
  3) мектеп кітапханашыларын Халықаралық мектеп кітапханалары қауымдастығының (International Association of School Librarianship) іс-шараларына дайындау және қатысу.
  4) "Үздік педагог-кітапханашы"кәсіби шеберлік конкурсына қатысу.