Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы

САРАПШЫЛАРДЫ ОНЛАЙН ОҚЫТУҒА ДАЙЫНДЫҚ
 
    САПАЛЫ ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ КОНТЕНТІ – цифрлық ортаның негізгі элементтерінің бірі ретінде заманауи білімнің ажырамас бөлігі.
   
Электрондық оқулықтарды тиімді және сапалы құруға цифрлық қоғам аса назар аударады және қателеріне түзетулер енгізеді.
   
Цифрлық қоғамның ЖАҢА ТАЛАБЫ – педагогикалық қоғамдастық пен сарапшылардан электрондық оқу басылымдарына сараптама жүргізудің ЖАҢА ӘДІСТЕМЕЛЕР МЕН ТӘСІЛДЕРІН бірлесіп қалыптастыру БОЛЫП ОТЫР.
 
  Қазіргі таңда ОҚУШЫ білім және ақпарат алу үшін ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМАЛАРМЕН тығыз байланысты.
Бүгінгі күні сапалы ЦИФРЛЫҚ КОНТЕНТ құрудың нақты шарттары бар, олардың негізгілерін атасақ:
- білім беру контентін үздіксіз жетілдіру,
- оқушылардың танымдық ынтасын арттыру,
- функционалдық сауаттылықты дамыту,
- цифрлық дағдыларды дамыту,
- мұғалімдерге жаңа дағдыларды игеруге көмектесу.
 
   ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ болашақ білімнің басты бағыты ретінде «LIFELONG LEARNING» деп аталады, өмір бойы үздіксіз білім алу болашақ адамның басты дағдысына айналмақ.
     Цифрлық контентті сараптау сапасын арттыру мақсатында «Ақпараттық технологиялар және электрондық оқу басылымдарын сараптау зертханасы» сарапшылардың әлеуетін арттыру үшін ОНЛАЙН-СЕМИНАР өткізуді ЖОСПАРЛАДЫ.
    Зертхана дайындық жұмыстарын бастап кетті. Осы онлайн-семинарға электрондық оқу басылымдарын сараптаудың өзекті мәселелері бойынша құзыретті спикерлер шақырылады.
    Қатысушылардан САРАПШЫЛАР БАЗАСЫ ҚҰРЫЛУДА!!!
   
СЕМИНАРҒА қатысу үшін ҒАЛЫМДАРДЫ, ПЕДАГОГТАР МЕН САРАПШЫЛАРДЫ сілтеме бойынша сауалнама жүргізуге ШАҚЫРАМЫЗ
https://docs.google.com/.../1FAIpQLSeDafraoGz.../viewform...
   
БІЛІКТІЛІК пен САРАПТАМАЛЫҚ ШЕБЕРЛІКТІ АРТТЫРУ бірлескен ынтымақтастық пен туындаған мәселелерге сындарлы көзқараспен қараған жағдайда мүмкін болады.