Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы

Осы аптада "ОҚУЛЫҚ" ОРТАЛЫҒЫ көптен күткен мақсатты іске асырды.
"Оқулық" Орталығының жанынан "ҚОҒАМДЫҚ САРАПШЫ ПЛАТФОРМАСЫ" құрылып, оның қатарына еліміздің танымал қоғам қайраткерлері, депутаттар, қоғамдық белсенділер, белгілі журналистер, әлеуметтік желі блоггерлері кірді - Мурат Абенов @ирина Смирнова Гульнар Умарова (Gulnar Umar) Shyńǵys Muqan Жанахмет Агыбаев (Zhanahmet Agybaev) Ербол Едилов Гульнара Абишева Назгүл Қожабек (Nazgul Kozhabekova)
 Платформаның құрылу мақсаты - азаматтық қоғам, бизнес және билік құрылымдары арасында тұрақты диалог орнатуға және қолдауға бағытталған.
 Бұл Платформа ең алдымен еліміздегі білім саласының түйіткілді мәселелерінің бірі - білім мазмұны мен оқулық сапасын жетілдіру және арттыру жолдарын айқындау, дамыту және қамтамасыз ету ортасы болып табылады деп үміт артамыз.
 "ҚОҒАМДЫҚ САРАПШЫ ПЛАТФОРМАСЫНЫҢ" құрылуы, алдағы уақытта, қоғам мен мүдделі тараптарды мазалап жүрген проблемалардың ашық талқыға салынып, шешу жолдарын айқындауға, кәсіби білікті мамандардың таптырмас бірлестігі болады деп сенеміз.