Министерство образования и науки Республики Казахстан республиканский научно-практический центр «Учебник»

 

‼️«ӘЛІППЕ» және «БУКВАРЬ» - БАСПАДАН БАЛАҒА: оқулықтарды 2021-2022 оқу жылы білім беру процесіне енгізу жолдары

???? Бұқаралық ақпарат құралдары мен жалпы қоғамды жиі мазалаған сауалдар:
«Әліппе» оқулығы оқу процесіне қашан енгізіледі?
Бұл оқулықты кімдер жазып жатыр? Қалай жазылып жатыр?
Сараптамадан өткізетін кімдер?

???? «Әліппе» оқулығы оқу процесіне 2021-2022 оқу жылында енгізіледі.
???? Қазіргі кезде Әліппені әзірлеу жұмыстарын 6 баспа, Букварь оқулығын әзірлеуді 7 баспа жүргізуде.
????Сараптама және сынақ қорытындылары негізінде және арнайы комиссиялар қарауынан соң, барлық талаптарға сай келетін базалық 1 оқулық іріктеліп алынады.
????Оқулықтарды әзірлеу нарықтық экономика талаптарына сай бәсекелестік ортада жүргізіледі. Министрлік оқулықтар сапасын қамтамасыз ету мақсатында оқулықтарды әзірлеудің нормативтік негіздері болып саналатын Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары мен үлгілік оқу бағдарламаларын және оқулықтарға қойылатын әдіснамалық талаптарды әзірлеп бекітеді. Осы стандарттар мен бағдарламалар және талаптар негізінде, тиісті авторлық топ құрған кез келген баспа оқулық әзірлеуге құқылы.
????Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтің тапсырмасымен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының қызметкерлерінен және әдіскерлерден тұратын жұмыс тобы құрылып, «Әліппе» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы А.Байтұрсынұлының әдістемесіне сәйкестендіріліп әзірленді.
????Оқу бағдарламасы ғылыми-педагогикалық интеллегенция өкілдері, көрнекті қоғам қайраткерлерінен тұратын тұжырымдамалық кеңесте талқыланып, арнайы құрылған сараптамалық топтың мақұлдауынан өтті.
????Сонымен қатар, өзге тілді мектеп оқушыларының сауатын ашатын «Букварь» пәнінің де оқу бағдарламасы қайта қаралып, оқулықтың ұлттық құндылықтарға негізделіп жазылуына Министрлік тарапынан аса мән беріліп отыр.
????Баспалар әзірлеген оқулықтар арасынан ең сапалы оқулықты іріктеп алуды Министрлік «Оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендер мен оқу-әдiстемелiк құралдарды әзiрлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөнiндегi жұмысты
ұйымдастыру қағидалары негізінде жүзеге асырады.
????Сарапшылар құрамын және комиссияларды құру процесі құпиялылықты сақтау арқылы жүргізіледі. Бағалаудың объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында сараптамаға және комиссиялар қарауына жіберілетін оқулықтардың авторы, баспа атауы мен айырым белгілері алынып тасталады.
???? Сарапшылардың әрқайсысымен құпиялылықты сақтау туралы арнайы келісім-шарт жасалады. Сараптамалық комиссиялар құрамы конкурстық іріктеуден және оқыту курсынан өткен ғалымдар мен педагогтерден жасақталады.
????Оқулықтар оқу процесіне енгізілгенге дейін сараптаманың бес кезеңінен, яғни ғылыми-педагогикалық сараптамадан, пилоттық мектептерде сынақтан, сынақтан кейінгі сараптамадан, қоғамдық бағалаудан және пәндік-сараптамалық комиссия қаруынан өтеді.
 Алдағы мақсат - А.Байтұрсынұлы әдістемесінің заманауи білім мазмұнына келетін құнды тұстарын алып, қазіргі ғасыр ұрпақтарының қызығушылығына ұтымды бейімделген, жеткіншектердің бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп тәрбиелеуге бағытталған жаңа Әліппені оқу процесіне енгізу.
‼️Осы игілікті істе авторлар мен сарапшылар қауымына сәттілік тілейміз ‼️