Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы

Құжаттарды egov.kz арқылы электронды түрде немесе қағаз түрінде колледжге тапсыруға болады.

Биыл колледжге қабылдау аттестаттың жиынтық конкурстық балы бойынша жүргізіледі:
- 9-сынып түлектері үшін міндетті пән (қазақ немесе орыс тілі) және 2 бейінді пән;
- 11-сынып түлектері үшін екі міндетті пән (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы) және 2 бейінді пән.

Педагогикалық, медициналық мамандықтар мен өнер саласы мамандықтары үшін:
- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, арнайы және шығармашылық емтихандар белгіленеді немесе талапкерлердің жетістіктері туралы портфолиоларын бағалау қарастырылады;
- балдары тең болған жағдайда аттестаттың орташа балы және талапкердің әлеуметтік санаты ескеріледі.