Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы

Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін халықаралық сертификаттарды ұсынуға немесе кешенді тестілеу (КТ) барысында шет тілінен тест тапсыруға болады. IELTS INDICATOR бойынша шекті балл 6,0-тен кем емес, Duolingo English Test бойынша – 95-тен кем емес болуы қажет.

Докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін шет тілін меңгергендігін растайтын сертификат міндетті болып табылады. IELTS INDICATOR бойынша шекті балл – 5,5-тен кем емес, Duolingo English Test бойынша – 85-тен кем емес болуы қажет.

IELTS INDICATOR сертификатының қолданылу мерзімі 2 жылды құрайды, ал Duolingo English Test сертификаты 1 жылға дейін жарамды.