Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы

ҚР БҒМ "Оқулық" РҒПО директоры 2020 жылғы 26 мамырда аппараттық кеңесте білім беру ұйымдарын оқулықтармен және ОӘК-мен қамтамасыз ету  мәселесін баяндады.

Кеңесте қаралған мәселелер:

·      11 сынып үшін оқулықтар мен ОӘК сатып алу туралы

ҰБДБ-ға сәйкес 2020-2021 оқу жылында 11 сыныпта контингент 152 259 оқушыны құрайды. Аймақтармен 11-сынып үшін оқулықтар мен ОӘК сатып алу саны 160 239 жиынтық жоспарланды. Бұл қажеттіліктен 5% - ға артық.

·      1-10 сыныптар үшін оқулықтарды қосымша сатып алу туралы

Ағымдағы жылдың мамыр айының бірінші онкүндігінде 1-10 сыныптарға арналған оқулықтарды қосымша сатып алу көлемін талдау нәтижесінде кейбір өңірлерде оқулық  жиынтықтарымен қамтамасыз ету дұрыс жоспарланбағаны анықталды.

Бүгінгі күні, 26 мамырда, өңірлермен жұмыс жасау нәтижесінде, жетіспейтін жинақтар мен оқулықтардың саны бойынша ескертулер жойылды.

11 сынып пәндері бойынша оқулықтарды сатып алу және 1-10 сыныптар үшін  оқулықтарды қосымша  сатып алу бойынша түпкілікті талдау ЖАО мен баспалар арасында сатып алуға келісім-шарт жасалғаннан кейін күтілуде.

·      Оқулықтарды өңірлерге тасымалдауға келісім-шарт жасау процесінің барысы туралы

Республика бойынша оқулықтар жеткізуге барлығы 212 субъект келісім-шарт жасайды. Оның 153 субъектісі келісім-шарт жасасты. Оның ішінде:

6 облыс бойынша 100% келісім-шарт жасалды:

Ақмола (19/19), Алматы (21/21), ШҚО(20/20), Қостанай(20/20), Ақтөбе (14/14), Қызылорда (10/10).

Ішінара 6 облыс: Жамбыл (12/11), Қарағанды (19/12), Павлодар (11/3), СҚО (15/10), Түркістан (17/12), Атырау(9/1)

3 өңір келісім-шарт жасауға дайын: Алматы қ. (конкурс қайта жарияланды), Нұр–сұлтан Қ., Шымкент қ.

 

Бұйрықтың болмауына байланысты 2 облыс бойынша келісім-шарт жасау рәсімін бастаған жоқ: Маңғыстау облысы (8/0), Батыс Қазақстан облысы(14/0).

 

Сонымен қатар, өңірлерге тасымалдау кезінде елдегі карантиндік шаралармен байланысты жағдайға ерекше назар аудару ұсынылды.