Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы

Халық көп шоғырланған жерлерге баруды болдырмау мақсатында Ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштерді қабылдау 2020 жылдың 15 сәуірі мен 10 мамыр аралығында онлайн және дәстүрлі түрде өткізілді.

✍️ ҰБТ-ға қатысуға ниет білдірген азаматтардың саны 131 471 адамды құрайды, оның ішінде 111 017 – биылғы оқу жылының мектеп түлектері, 20 454 – колледж және өткен оқу жылдарының мектеп түлектері.

????????‍????????‍???? ҰБТ-ға қатысуға 100 мыңнан астам өтініш онлайн түрде берілді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ және шетелдегі оқу орнын бітірген адамдар үшін ҰБТ-2020 құжаттарды қабылдау 2020 жылдың 15 мамырына дейін ұзартылды.