Министерство образования и науки Республики Казахстан республиканский научно-практический центр «Учебник»

Қашықтан оқыту кезінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру маңызды.

Кітап оқу - бұл тек бос уақытты қызықты өткізу ғана емес. Сонымен қатар тұлға болып қалыптасуға орасан зор көмегі тиетін өте пайдалы іс.

Кітап оқудың пайдасы:

1. Кітап оқу – қоршаған ортаны, дүниені және өзін-өзі тануға көмектеседі;
2. Кітап оқу – есте сақтау қабілетін және ойлауды дамытады. Яғни, көп оқыған адамның жады мықты, тез ойлап, тез қорыта алады;
3. Кітап оқу – талдауға, сараптауға, өзіндік пікір қалыптастыруға үйретеді;
4. Кітап оқу – табыс пен жетістіктің ең басты негізі;
5. Кітап оқу – адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіп, әдемі сөйлеу дағдыларын қалыптастырады;
6. Кітап оқу – сөздік қорды байытады және жалпы сауаттылық деңгейін арттырады;
7. Кітап оқу – адам бойындағы шығармашылық қабілеттер мен қиялын дамытады.

@edu_news_qz