Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы

1,2,3-курс студенттері

Сессия тапсырудың үш жолы бар:
1. Емтиханды қашықтан тапсыру форматы;
2. Пән бойынша бағаны ағымдағы бағаларының негізінде қою;
3. «I» (Incomplete) бағасын қою арқылы емтихан тапсыру мерзімін шегеру. Бұл студенттерге емтиханды кейін тапсыруға мүмкіндік береді және оларды оқудан шығарудан қорғайды.
Нақты шешімді әрбір ЖОО академиялық дербестігі аясында өзі қабылдайды.

Cоңғы курс студенттері

Кешенді емтиханға келетін болсақ, мұнда әрбір ЖОО үш нұсқаның бірін қолданады:
1. Кешенді емтиханды қашықтан тапсыру форматында өткізу;
2. Жиынтық бағаны базалық пәндер бойынша бағаларының негізінде қою;
3. Кешенді емтиханды кешірек мерзімге ауыстыру (жазға немесе күзге).
Осылайша, ЖОО министрлік тарапынан рұқсат алмай-ақ, жиынтық бағаны базалық пәндер бойынша бағаларының негізінде қою арқылы кешенді емтихандарды өткізбеу туралы шешім қабылдай алады.
Егер карантиндік шектеулер алынбаса, онда дипломдық жұмыстар қашықтан қорғалады. Айта кетерлігі, студенттер дипломдық жұмыстарын ақпан-наурыз айларында алдын-ала қорғаған болатын, яғни негізгі жұмыс атқарылды.

Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылы Қазақстанның жоғары оқу орындары академиялық дербестік алды, соған байланысты университеттер министрліктің рұқсатын қажет етепей, нақты шешімді өзі қабылдай алады.

Толығырақ: https://www.gov.kz/…/kak-budut-prohodit-ekzameny-i-zashchit…