Министерство образования и науки Республики Казахстан республиканский научно-практический центр «Учебник»

   2020   жылғы   11   сәуір    күні   Қазақстан   Республикасы   Білім   және   ғылым   министрлігінде   Қазақстан   Республикасы   Білім   және   ғылым   министрі   А. Аймағамбетовтың төрағалығымен оқулық сапасын арттыру мәселелері бойынша онлайн кеңес өткізілді.

  Онлайн кеңеске Білім және ғылым вице-министрі Ш.Каринова, Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы М.Мелдебекова, Білім беру басқармаларының басшылары, Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА президенті Ж.Жылбаев, «Оқулық» РҒПО директоры Ғ.Бейсембаев, баспа басшылары қатысты.

   Кеңесте «Оқулықтарды әзірлеу, сараптама жасау, мониторинг жүргізу, сынақтан өткізу және басып шығару Қағидаларына» енгізілген өзгерістер бойынша «Оқулық» РҒПО директорының орынбасары Ә.Дүйсебек, Оқулықтар сапасын қамтамасыз етудегі баспалардың жауапкершілігін арттыру туралы «Оқулық» орталығының директоры Ғ.Бейсембаев, 2020-2021 оқу жылында білім беру ұйымдарын оқу әдебиеттерімен қамтамасыз ету, білім беру ұйымдарына жөнелту және жеткізу, мектеп оқулықтарының бағасын оңтайландыру мәселелері бойынша Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің  төрайымы М. Мелдебекова, 2021-2022  оқу жылында енгізілетін 1-сыныпқа арналған «Әліппе»/«Букварь» пәндерінің оқу бағдарламасы туралы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ж. Жылбаев хабарлама жасады.

  Жиналыс барысында баспа басшылары, білім басқармаларының басшылары оқулықтарды әзірлеу және сараптамадан өткізудің жаңа жүйесі, 2020-2021 оқу жылында білім беру ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету бойынша туындайтын мәселелер мен тәуекелдер  туралы өз ой-пікірлерін жеткізді.

    Кеңес қорытындысы бойынша Хаттамалық тапсырмалар берілді:

  1. «Оқулықтарды әзірлеу, сараптама жасау, мониторинг жүргізу, сынақтан өткізу және басып шығару» Қағидаларын барлық баспаларға жіберіп, түсініктемелер беру;
  2. 1-сыныпқа арналған оқулықтар мен оқ-әдістемелік кешендерді әзірлеуші авторлардың біліктілігіне қойылатын талаптар бойынша ұсыныс енгізу;
  3.  Республиканың білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың нақты контингенті мен қажетті оқу әдебиеттерінің саны, бөлінген қаражат көлемін анықтау;
  4.  2020-2021 оқу жылында білім беру ұйымдарын оқу әдебиеттерімен қамтамасыз ету, білім беру ұйымдарына жөнелту және жеткізу бойынша Жол картасын бекітуге ұсыну;
  5. Республикадағы төтенше жағдайға байланысты баспаларды және оқулықтарды тасымалдаушы транспорттық компанияларды тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының қатарына енгізу туралы ұсыныс әзірлеу;
  6. Жергілікті атқарушы органдарының мектеп кітапханаларын көркем әдебиеттермен қамтамасыз етуге қажетті қаржы бөлу барысы бойынша ақпарат әзірлеу;
  7. Мектеп кітапханаларындағы оқулық қоры туралы мәліметтерді Ұлттық білім берудің деректер қорына енгізу
  8. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларына жергілікті атқарушы органдардың оқулықтар мен ОӘК электрондық  нұсқасын немесе электрондық оқулықтарды сатып алу тәртібі бойынша өзгерістер енгізу;
  9. Бастауыш білім беру деңгейіне баламалы оқулықтарды, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлеріндегі «Қазақстан тарихы» мен «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша бірыңғай базалық оқулықтарды енгізу мақсатында Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына енгізілетін өзгерістер жобасын әзірлеу;
  10. 2021-2022 оқу жылында енгізілетін 1-сыныпқа арналған «Әліппе»/«Букварь» оқулықтарын әзірлеу және осы сыныптың оқулықтарын қайта басып шығарудың Жол картасын әзірлеп бекіту;
  11. Еліміздегі төтенше жағдайларға байланысты қайта өңделетін 1-сынып оқулықтарын сараптамаға қабылдау уақытын 2020 жылғы  31 шілдеге дейін шегеру;
  12. 2020 жылғы қазанның 1-не дейін Тізбеге енгізілген 11-сынып оқулықтарының электрондық нұсқасын Министрліктің сайтына орналастыру;
  13. Сәуір-мамыр айларында оқулықтарға тираж алды дайындық жұмыстарын ұйымдастырудың оңтайлы жолдары бойынша ұсыныс енгізу.