Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы

            Кеңеске Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б. А. Асылова, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Ш. Т. Каринова, Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы М. Т. Мелдебекова, Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары А. М. Кудеринова қатысты.

             "Оқулық" РҒПО оқу әдебиетінің сапасын жетілдіру бойынша атқарып жатқан қызметі және «Оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендер мен оқу-әдiстемелiк құралдарды әзiрлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру қағидаларының» жобасы  туралы ақпарат тыңдалды.

             Оқу әдебиетінің сапасын жетілдіру бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар және «Оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендер мен оқу-әдiстемелiк құралдарды әзiрлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру қағидаларының» жобасы  туралы  "Оқулық" РҒПО директоры орынбасарының м.а. Әділхан Дүйсебек   баяндама жасап, "Оқулық" РҒПО директорының м. а. Саят Омаров баяндамаға толықтырулар жасады.    

             Оқулықтар мен ОӘК сапасын арттыру мақсатында "Оқулық" РҒПО "Оқулықтың құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарды", оқулықтар мен ОӘК ғылыми және педагогикалық сараптама жүргізу критерийлерін әзірлеп, баспалар  мен сарапшыларға жіберді.

              Орталық қызметін басқарудың, оқулықтарды сынақтан өткізу мен оқулықтар сапасына мониторинг жүргізудің автоматтандырылған жүйесі, сондай-ақ оқулықтарды өңірлерге жеткізудің "интерактивті картасы" әзірленіп қолданысқа енгізілді, мұғалімдердің оқулықтарды таңдау процесіне автоматтандырылған мониторинг жүргізу жүйесі әзірлену үстінде.   

              Оқулықтарды әзірлеу мен сараптаудың жаңа жүйесіне сәйкес Қағиданың  өңделген жобасында авторларды іріктеу және олардың біліктілігін артыру, оқулықтардың дидактикалық, психологиялық-педагогикалық талаптарға және полиграфиялық нормативтерге сәйкес болуы бойынша қойылатын талаптарды арттыру көзделген.