Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2019 жылғы 28 қазан мен 18 қараша аралығында еліміздің барлық өңірлерінде әдістемелік семинарлар өткізілді.

15 баспадан келген 130-дан астам авторлар семинар қатысушыларына 11-сыныпқа арналған жаңартылған мазмұнда әзірленген оқулықтар мен ОӘК жобаларының құрылымы мен мазмұнының ерекшеліктерін таныстырды. Авторлар әдістемелік мәселелерге ерекше назар аударды: оқу үдерісінде оқулықтарды қолдану әдістемесі бойынша ұсыныстар берілді.

Осы жылы семинарларға республиканың 7500-ге жуық мұғалімдері мен әдіскерлері, сондай-ақ педагогикалық жоғары оқу орындарының оқытушылары мен «Өрлеу» БАҰО тренерлері қатысты.

Қатысушыларды «Оқулық» орталығының сайтында орналастырылған оқулықтардың жобаларымен алдын ала таныстыруды ұйымдастыру жүргізілді, Семинарға қатысушылар белсенділік танытты, семинар нәтижелі өтті.

Оқулықтар мен ОӘК талқылау барысында пән мұғалімдері оқулықтардың мазмұнын жақсарту, атап айтқанда, оқу материалдарын жүйелі және дәйекті түрде беруді қамтамасыз ету, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болу қағидатын сақтау, қазақстандық компонентті күшейту, практикалық дағдыларды дамытуға арналған тапсырмалар үлесін арттыру бойынша өз ұсыныстарын енгізді. Мұғалімдердің конструктивтік ұсыныстары семинарлардың хаттамаларында көрініс тауып, оқулықтар мен ОӘК өңдеу кезінде есепке алу үшін баспаға жіберілді.

Мұғалімдер оқулықтарды жақсарту бойынша ұсыныстардан да басқа оқу бағдарламаларына, оқу үдерісін ұйымдастыруға, оқулықтармен және ОӘК-мен қамтамасыз етуге қатысты пікірлер айтты.