Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы

«Білім беру ресурстарын жетілдіру: тәжірибе және болашағы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастырумен 2019 жылғы қазанның 18-19 күндері Нұр-Сұлтан қаласында «Білім беру ресурстарын жетілдіру: тәжірибе және болашағы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция жұмысына отандық ғалымдар, авторлар, сарапшылар, бағдарлама әзірлеушілері мен республиканың түрлі өңірлерінен келген мектеп мұғалімдері, барлығы 400-ден астам адам қатысты