Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы

         2019 жылғы қыркүйектің 24 күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастырумен «Мектеп оқулықтары: бүгінгіжағдайы және болашағы» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Білім және ғылым вице-министрі Каринова Шолпан Таңатқызы, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық ғылым академиясының, «Оқулық» ғылыми-практикалық орталығының өкілдері, оқулық авторлары мен сарапшылары,  мектеп мұғалімдері мен қоғам белсенділері қатысты. Дөңгелек үстелді ұйымдастыру мақсаты – жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары мен оқулықтар туралы түсініктеме беріп, атқарылып жатқан және жоспарланып отырған шаралар туралы көпшілік қауымды хабардар ету. Дөңгелек үстел ашық форматтағы диалог түрінде өткізіліп, қоғам белсенділері мен мұғалімдерді толғандырып жүрген мәселелер талқыланды. Мамандар, оқулық сапасын жетілдіру, мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мәселелері бойынша өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын жасады. Талқылаулар нәтижесі бойынша қабылданған ұсынымдар Білім және ғылым министрлігінің қарауына жіберілді.