Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы

   Ағымдағы жылдың 25 маусымында Орталық қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ғылыми-педагогикалық сараптама сапасы: жинақталған тәжірибені талдау және бағалаудың жаңа тәсілдемелері» тақырыбындағы оқу әдебиеттерінің  сарапшыларына арналған оқыту семинары өткізілді.

    Семинар 11-сыныпқа арналған оқу әдебиеттерінің  сарапшыларына әдістемелік  көмек көрсету мақсатында өткізілді. Семинарға 150-ге жуық оқу әдебиеттерінің сарапшылары қатысты.

  Семинар барысында «Oxford University Press» халықаралық баспасының басшысы  Меринда Уилсон «Халықаралық оқу әдебиеттерінің бейімделу процесі және шет елдердегі оқулықтарға сараптама жүргізу процесінің тиімділігін талдау»,  Назарбаев университеті Жоғары білім мектебінің профессоры Наурин Дуррани  «Қазақстанның мектеп оқулықтарын  гендерлік  талдау»,   Қазақстан педагогикалық  ғылымдар академиясының оқулықтану орталығының директоры, ф.ғ.к., профессор Фаузия Саметова «Оқулықтың дидактикалық қызметінің жүзеге асырылуына ғылыми-педагогикалық сараптама жүргізу», «Заманауи оқу басылымдарының сапасын бағалаудың әдіснамалық тәсілдемелері»,   «Оқулық» РҒПО директорының орынбасары  х.ғ.к. Әділхан Дүйсебек «Оқулық сапасына қойылатын талаптар және оқулықтың дидактикалық аппаратын бағалаудың жаңа тәсілдемелері», «Оқулық» РҒПО жетекші сарапшысы Ришад Михалев  «Оқу басылымдарын критерийлер бойынша бағалау және сараптамалық шешім қабылдау» тақырыптарында баяндамалар жасады. 

    Сонымен қатар, семинардың практикалық бөлігінде Орталықтың жетекші сарапшылары білім беру салалары бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерге сараптама жүргізу әдістемесінен оқу әдебиеттерінің сарапшыларына арналған тренингтер өткізді.