Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы

    Корейтану академиясы (The Academy of Korean Studies) мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» Орталығы арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандум аясында, Академияның шақыртуымен Орталық қызметкерлері Б.Кәрімова, Ә.Дүйсебек, Л.Байымбетова, Г.Аринова және Р.Михалев маусым айының 17 мен 22 аралығында Корея елінің астанасы Сеул қаласында тағылымдамадан өтті.   Тағылымдама аясында қызметкерлер оқыту семинарына қатысып, Корея елінің білім беру жүйесімен танысты, оқулық басып шығару саласы бойынша екі жақты тәжірибе алмасты. Сонымен қатар Корея елінің мәдениетімен, тарихымен және географиясымен танысу мақсатында елдің тарихи, мәдени және табиғи-антропогендік нысандарында болып қайтты.

    Семинар барысында   Орталық директоры Б.Кәрімова «Қазақстаннның білім беру жүйесі және «Оқулық» орталығының қызметі» тақырыбында баяндама жасаса, оқу әдебиетінің әдіснамасы зертханасының жетекші сарапшысы Р.Михалев «Қазақстан Республикасы мектептерінде географиядан Корея Республикасын оқыту» тақырыбында баяндама жасады.