Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы

         Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Оқулық» ғылыми-практикалық орталығының қызметкерлері Айтқазина Толқын Дүйсенбекқызы мен   Сматаев Төлеген Хаметұлы 2019 жылғы наурыздың 26-сы мен сәуірдің 5-і аралығында Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл ­- Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Жаңа емлені оқыту әдістемесі» тақырыбындағы тренерлерді даярлаудың 72 сағаттық республикалық курсына қатысып,  сертификаттарға ие болды. Аталған курс Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылып отыр. Курсқа мемлекеттік органдар мен өңірлердегі оқыту орталықтарының тілші мамандары қатысты. Сертификатқа ие болған тренерлер өз кезегінде  мемлекеттік орган қызметкерлері мен ересек тұрғындарға Латын графикасындағы Қазақ тілінің жаңа емле ережелерін үйрететін болады.