Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы

  2018 жылғы тамыздың 17-күні «Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Б.Кәрімова, директордың орынбасарлары Ә.Дүйсебек, С.Омаров, ғалым хатшы Т.Айтказина және зертхана меңгерушілері Л.Байымбетова мен Г.Аринова педагог қызметкерлердің республикалық тамыз конференциясының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» тақырыбындағы пленарлық отырысына және «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында білім беруді дамытудың Халықаралық тәжірибесі» тақырыбындағы секция отырыстарына қатысты.

  Конференция барысында ҚР Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің «2017-2018 оқу жылының қорытындылары және алдағы оқу жылына қойылып отырған міндеттер» тақырыбындағы баяндамасы, ҚР БҒМ Ғылым комитеті Экономика институтының директоры Ә.Сатыбалдинның «4.0 индустриясы жағдайында ғылымды қажет ететін экономиканы қалыптастыру», Macroscope Consulting халықаралық компаниясының негізін салушы және иесі Гарретт Джонстоның «Әлемдік деңгейдегі білім беру жүйесі - қазақстандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің факторы ретінде» тақырыбындағы, «Синергия» білім беру холдингінің негізін қалаушысы В.Лобовтың «Білім және ғылым саласында ойлауды трансформациялау» тақырыбындағы және т.б. баяндамалар тыңдалды.

  Конференция кезінде Орталық қызметкерлерінің ұйымдастырумен 2018-2019 оқу жылында білім беру ұйымдарында оқу процесіне енгізілетін жаңартылған мазмұндағы 3, 6, 8 сынып оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерінің және 5-7 сыныптарға арналған «Өлкетану» оқулықтарының көрмесі өткізілді.