Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы

 

   Оқулықтарды сапалы басып шығару және оларды дер кезінде  білім беру ұйымдарына  жеткізу  –  жаңа оқу жылы алдындағы    аса маңызды іс.

   Қазіргі күндері баспалар 2018-2019 оқу жылында білім беру ұйымдарында қолданысқа енгізілетін оқу әдебиеттерін басып шығару және өңірлерге жіберу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Басып шығарылған оқулықтар білім беру ұйымдарына жергілікті атқарушы органдар мен транспорттық компаниялар арасында жасалған келісімшарттар негізінде жеткізіледі. 3 қала мен 14 облыс бойынша барлығы 228 білім беру нысаны оқулықтарды сатып алуға келісім-шарт жасасты. 2018-2019 оқу жылына 3,6 және 8-сыныптардың 906 417 оқушыларына 12 187 466 оқулық сатып алынды. Министрлік тарапынан ұдайы түрде білім беру ұйымдарын оқу әдебиеттерімен қамтамасыз ету процесіне, яғни тасымалдау, жеткізу жұмыстарына мониторинг жүргізілуде. 

   2018 жылдың 10 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  отандық ірі баспалардың қатысуымен  баспасөз-турын ұйымдастырды. Баспасөз-туры барысында баспасөз  өкілдері «Атамұра» , «Мектеп» и «Алматыкітап» баспаларының жұмысымен танысты. Осы баспалардың  басшылары Р.А.Құл-Мұхаммед, Е.А.Сатыбалдиев, Г.А. Саймасаева хабарлама жасады. 

   ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалы орталығының директоры Б.С.Кәрімова 3, 6 және 8 сыныптарға арналған оқу әдебиеттерін әзірлеу, сараптамадан өткізу, басып шығару және білім беру ұйымдарына жеткізу  бойынша  жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды.  

    Б.С.Кәрімова білім беру жүйесінің конструктивті  қарым-қатынасқа құрылған диалогқа әрқашан дайын екендігін және жаңа мазмұндағы оқулықтарды әзірлеу бойынша елімізде жүргізіліп жатқан жұмыстарды ақпарат құралдары беттерінде объективті түрде  жариялаудың маңыздылығын атап өтті.

    Пресс-турға ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Тайкенова Майраш Гумаровна қатысып сөз сөйледі.