Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы

          «Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы директоры Бейбіткүл Сәрсемханқызы Кәрімова 2018 жылғы маусымның 3 мен 9 аралығында әлемдік тәжірибелерді зерделеу мақсатында және біліктілік арттыру курстарынан өту үшін Қазақстанның білім беру жүйесі басшыларының делегациясы құрамында Финляндия және Эстония елдеріне іссапармен барды. Іссапар барысында делегация мүшелері Финляндияның білім беру жүйесімен танысты. Хямеенлинна қаласындағы  ХАМК университетінің қабырғасында білім беру процесін ұйымдастыруға студенттер мен ата-аналардың қамтылуы, ғылыми зерттеулер нәтижесінің оқу процесіне енгізілу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Фин мектептеріндегі менеджмент жүйесімен танысып, мұғалімдерге үздіксіз кәсіби білім беру, ISKU белсенді оқыту (иинновациялық оқытудың заманауи интеллектуалдық орталықтары) әдісі, ерте жастан бастап білім берудегі оқу ортасы, тақырыптары бойынша дәрістерге қатысып, білімдерін жетілдірді.