Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 «ОҚУЛЫҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

Қадірлі білім беру саласының қызметкерлері!

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетімен бірлесе отырып 2018 жылғы сәуірдің 27-28 күндері  Алматы қаласында «Білім беру ресурстарын жаңғырту: тәжірибе және болашағы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференция  білім беруді дамытудың заманауи тенденциялары мен білім беру ресурстарын жаңғыртудың өзекті мәселелерін талқылау алаңы болып табылады.

Конференция мақсаты: білім беру мазмұнын жаңартудың өзекті мәселелерін талқылау, қазақстандық және шетелдік компаниялардың ақпараттық және білім беру ресурстарын әзірлеу мен модификациялаудағы жетістіктерімен таныстыру, оқулықтану және оқулық басып шығару саласы бойынша  тәжірибе алмасу, серіктестік байланыс орнату.

Конференцияның мақсатты аудиториясы:

  • Қазақстан Республикасының Білім және ғылыми министрлігі мен оның бағынысты ұйымдарының қызметкерлері;
  • Қазақстандық және халықаралық ғылыми орталықтар мен білім беру ұйымдарының өкілдері;
  • ақпараттық және білім беру ресурстарын әзірлеуші отандық және шетелдік баспалардың өкілдері, оқу әдебиеттерінің авторлары мен сарапшылары;
  • мектепке дейінгі тәрбие мен білім, орта білім, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін дамыту ұйымдарының өкілдері.   

Конференцияның  негізгі бағыттары:

1. Заманауи білім беру ортасы және педагог кадрларды даярлау.

2. Білім мазмұнын жаңарту жағдайында білім беру ресурстарын әртараптандыру және оқу әдебиеттерін әзірлеу мен сапасын бағалаудың жаңа тәсілдемелері.   

3. Білім беру ресурстарын цифрландыру – жаңа білім мен үздік білім беру тәжірибелерін меңгерудің даңғыл жолы.

4. Оқу әдебиеттерін латын әліпбиіне көшірудің әдістемелік мәселелері.

5. Үштілділікке  көшу жағдайында оқу басылымдарын әзірлеу: тәжірибе және болашағы.

Конференция бағдарламасы аясында ғылыми және стендтік баяндамалар, көрме-таныстырылымдар, шеберлік сыныптары мен оқыту курстарын ұйымдастыру жоспарланған.

Конференция барысында жаңартылған мазмұн бойынша әзірленіп, 2018-2019 оқу жылында білім беру процесіне енгізілетін 3, 6, 8 сыныптардың оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерінің таныстырылымы өткізіледі.

Ресми қолдау: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Медиа қолдау: «Qazaqstan» телерадиокомпаниясы, «Хабар 24» телеарнасы, «Білімді ел» республикалық қоғамдық-саяси газеті.

Конференция тілі: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияның өткізілетін орны: Алматы қаласы, Гоголь к-сі-114,  Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

            Конференция материалдары бойынша электрондық форматта (PDF)  ISBN берілген конференция жинағы шығарылады. Мақалаланы жинаққа енгізу үшін Мақала авторларына қойылатын талаптармен танысу қажет (А-қосымшасы).

Конференцияға қатысу туралы өтінімді және баяндама тезистерін немесе ғылыми мақалаларыңызды төменде берілген үлгіге сәйкес (В-қосымшасы) 2018 жылғы 15 сәуірге дейін ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына  жіберу қажет: conference2018@inbox.ru

Конференцияның толық бағдарламасы өтініштер мен баяндамаларды қабылдап болған соң жасалып, қатысушыларға жіберілетін болады. Келіп түскен материалдар конференция тақырыбына және ресімдеу талаптарына сәйкес келмеген жағдайда немесе қабылдау мерзімі өтіп кеткен жағдайда ұйымдастыру комитеті мақалаларды жариялауға жібермеуге құқылы. 

            Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефондары:  8(7172)-27-98-50, 8(7172)-76-83-04,  87479041245 Астана қаласы, ---------------- Алматы қ.

 

 

 

Мақала авторларына қойылатын талаптар

 

Материалдар (5 беттен көп емес) электронды түрде жіберіледі: мәтін редакторы MS WORD; А4 форматы, негізгі шрифт Times New Roman; кегль – 14, жоларалық интервал – 1; мәтінді ені бойынша түзету; азат жолы – 1,0 см; барлық жиектері – 2 см. Беттер нөмірленбейді.

Жоғарғы жағының ортасынан – тасымалсыз жазба әріптерімен, жартылай қалың, баяндама тақырыбы; одан әрі бір жолдан кейін ортасына қарай – автордың аты-жөні (бір баяндамада үш автордың болуы қошталмайды), әрі бір жолдан кейін ұйымы, қаласы, автордың е-mail; одан әрі бір жолдан кейін – мақала мәтіні. Әдебиет сілтемелері квадрат жақшамен алынады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімінің болуы міндетті. Тасымалдау қойылмайды. Мақала алдында аңдатпа қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жазылуы тиіс.

Суреттердің көлемі мақаланың 1/4 көлемінен аспауы тиіс. Суреттер, иллюстрациялар, фотосуреттер TIFF (*.TIF) немесе JPG кеңейтуімен жеке файлдармен жіберіледі (Word-қа салмау). Мәтінде әрбір суретке сілтемесі болуы тиіс, суреттерді нөмірлеу – өтпелі, суреттерге қойылған қолтаңба жеткілікті толық мәліметті болуы тиіс.

PDF нұсқадағы 1 мақаланы жариялау құны – 3000 (үш мың) теңге.

Мақаланы жариялау жарнасын:  

 «АРТ-ЭКСПО» ЖШС

 БИН 110540005090 

 р/с KZ768560000004523481 Банк  Филиал АО «Банк ЦентрКредит»,

 БИК/SWIFT    KCJBKZKX   Караганда қ.)  есепшотына  жіберу керек.

Төлем туралы түбіртектің көшірмесін өтініммен қоса жолдау қажет.

 

Мақаланы ресімдеу үлгісі

 

Цифрландыру жағдайында білім беру ресурстарын дамыту

 

Т. А. Асанов

Е.А. Букетов ат. Қарағанды мемлекеттік университеті,

Қарағанды қ. Asanov07@mail.ru

 

           Аңдатпа (көлемі 6-7 жолдан аспайтын, қәріп мөлшері – 12) қазақ, орыс ағылшын тілдерінде.

 

Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні [1]. ... Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні [2]. ... Мақала мәтіні [3] ... Мақала мәтіні.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1 К. Сакенов. Ақпараттық технологияны қолдану тәжірибесінен // Тири. 1990. Т. 35, №12. -С.21-27.

2  Жаратылыстану пәндерін оқытудағы заманауи құралдар. http://www.ecosystema.ru.

«Білім беру ресурстарын жаңғырту: тәжірибе және болашағы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға өтінім

 

Тегі, аты, әкесінің аты

 

Ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі жұмыс орны, лауазымы

 

Қалааралық коды көрсетілген телефон, ұялы телефон

 

 E-mail

 

Баяндаманың ( мақаланың) аты

 

Қатысу формасы: Іштей/ Сырттай/ Тыңдаушы ретінде (қажеттісінің астын сызу)

 

Пленарлық мәжілісте баяндама жасау

 Ия/ жоқ (қажеттісінің астын сызу)

Секциялық бөлімде баяндама жасау

 (секция номерін көрсету немесе жоқ деп жазу)

Қонақ үй брондау қажеттілігі

 Ия/ жоқ (қажеттісінің астын сызу)

Толтырылу күні

 

«Өтінімде» қысқартулар мен аббревиатуралар болмауы тиіс!