Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы

        «Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының қызметкерлері  2018 жылдың 17 қаңтары күні  Астана қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың  2018 жылдың 10 қаңтары  күнгі «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»  Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру аясында өткізген  облыстық, Астана, Алматы қалалық білім басқармалары мен аудандық/қалалық білім бөлімдерінің басшыларына арналған республикалық семинар-кеңеске  қатысты.
         Кеңестің бірінші  бөлімі 5 секциялар жұмысы форматында өткізілді. Секциялық жұмыстараясында орта білім беру жүйесін модернизациялауды ғылыми-әдістемелік және  нормативтік-құқықтық тұрғыда қамтамасыз ету бойынша мәселелер қарастырылды.
         Семинарға қатысушыларға педагог қызметкерлерді аттестациядан өткізу, мұғалімдердің жалақысын көтеру, оқушылардың оқу жүктемесін жеңілдету,  орта білім жүйесінде жан-басына шағып қаржыландыру және жеке сектор қатысуын  ұлғайту бойынша нормативтік актілерге енгізіліп жатқан өзгерістер таныстырылды. Сонымен қатар, балаларды ерте бастан дамыту, оқушылардың функционалдық сауаттылығын  арттыру, PISA-2018 халықаралық зерттеулеріне дайындық, критериалдық бағалауды және үш тілде оқытуды жүзеге асырудың мәселелері талқыланды.
         «Оқулық» орталығының қызметкерлері семинарға қатысушыларды  оқулықтар  саласындағы нормативтік актілеріне, «Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендері мен оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидаларына» (БҒМ бұйрығы №344) және «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларына» (БҒМ бұйрығы №91)  енгізілген өзгерістермен таныстырды.
         Семинардың 2 секциясында   «Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары Ә.Т.Дүйсебек «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру тұрғысында білім беру әдіснамасының трансформациясы мәселелері» тақырыбында баяндама жасады.
Семинардың екінші бөлімінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Е.К.Сағадиев, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.К.Аймағамбетов, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі  Б.А.Асылова, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Ш.Т.Каринова баяндама жасады.