Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы

  2018 жылғы  қаңтардың  12-күні «Оқулық» Республикалық ғылыми практикалық орталығында «Сараптама жүргізудің нормативтік және әдістемелік негіздері» тақырыбында оқулық  сарапшыларына арналған семинар  өткізілді. Семинарға 78 сарапшы қатысты.

Семинарда оқулықтарды әзірлеу  және сараптамадан өткізудің  нормативтік құжаттарына енгізілген өзгерістермен және  заманауи оқулықтарға қойылатын талаптар, оларды  бағалау критерийлерімен «Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары Дүйсебек  Әділхан Төлегенұлы хабарлама жасады.

Оқулықтар мен ОӘК әзірлеу мен сараптау барысында жіберілетін типтік қателіктерге  Бастауыш және орта білім беруге арналған оқу әдебиеттерін сараптау зертханасының меңгерушісі Байымбетова Ләззат Рыспекқызы жан-жақты талдау жасап, бұл олқылықтарды жібермеу жолдары туралы әдістемелік нұсқаулар берді.

Семинарда алгебра, геометрия, физика және информатика оқулықтарын сараптамалық бағалау, осы пәндер бойынша критерийлерді нақтылау мәселелері талқыланды. Қорытындыда аталған пәндер оқулықтарында рухани құндылықтар, қазақстандық компонент, өмірлік жағдаяттармен байланыс, практикалық бағыттылық, Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар құрастыру осал екендігі айтылып, басым көпшілік оқулықтардың дәстүрлі репродуктивтік сипатта қалып отырғаны, яғни жалаң есептерден тұратыны  сыналды. Осыған байланысты шығармашылық топ құрып, аталған және жаратылыстану пәндері авторларына  мазмұнды STEAM білім беруге, PISA  зерттеулеріне  сәйкестендіріп құру,  мазмұнның тәрбиелік әлеуетін көтеру бойынша авторлармен арнайы әдістемелік семинарлар өткізу қажет деген ұсыныс қабылданды.