Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы сарапшылар құрамына жоғары білікті педагог қызметкерлерді тарту  мақсатында  2017 жылдың 25-26 желтоқсан күндері Астана қаласында   «Жаңа мазмұндағы оқулықтардың тұжырымдамалық негіздері және оларға ғылыми-педагогикалық сараптама жасау әдістемесі» тақырыбында Республикалық оқыту семинар өткізді. Семинарға қалалық білім басқармасының,  әдістемелік кабинеттердің қызметкерлерінің, мектептердің бірінші және жоғары санатты мұғалімдерінің, барлығы 80 адам қатысты.

Семинар  бағдарламасына сәйкес  келесі баяндамалар жасалды:

Омаров Саят Құсаинұлы - «Оқулық»  Республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары:  «Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу және қамтамасыз ету жүйесі: халықаралық және қазақстандық тәжірибе»;

Дүйсебек  Әділхан Төлегенұлы - «Оқулық»  Республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары:  «Білім берудегі парадигмалық трансформациялар және  білім мазмұнын жетілдірудің әдіснамалық мәселелері, «Заманауи оқулықтарға қойылатын талаптар»;

Рахымжанов Қайыржан Алдашұлы – Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Орта білім институтының директоры: «Білім мазмұнын жаңарту аясында оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сынақтан өткізу»; 

Бейсенбаев Амангелді Рақышұлы – Еуразиялық инновациялық университетінің проректоры: «Функционалдық сауаттылық - пәндік білімдерді кіріктіру нәтижесі ретінде»;   

Михалев Ришад Каюмович – «Оқулық»  Республикалық ғылыми-практикалық орталығының жетекші сарапшысы: «Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламаларының ерекшеліктері. Жаратылыстану, география пәндерінің мысалында»; Оқулықтарға  және оқу-әдістемелік кешендерге ғылыми және педагогикалық сараптама жасау тәртібі.  Талаптар, критерийлер»;

Байтұрсынова Айгүл Аманжолқызы – «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығының бөлім меңгерушісі, п.ғ.к.: «Арнайы түзету мектептеріне арналған оқулықтар мәселесі»;

Құсайынов Ғабит Мұқанайұлы «Оқулық»  Республикалық ғылыми-практикалық орталығының бас сарапшысы: «Оқу мәтіндерімен жұмыс істеу әдістемесі».

Осымен қатар семинар барысында қатысушыларға «Қазақстан білім беру жүйесінің тәуелсіздік жылдарында дамуы»,   «Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту маңыздылығы», «Критериалдық  бағалау жүйесінің маңыздылығы туралы», «Шетел тілін меңгерудің  маңыздылығы туралы» атты бейнероликтер көрсетілді. Білім саласындағы өзекті мәселелер бойынша жан-жақты пікір алмасу ұйымдастырылып, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.

Оқыту семинарының қорытындысы бойынша қатысушыларға арнаулы сертификаттар  тапсырылды.