Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы

«Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2018 жылғы шілденің 31-нен бастап жаңартылған мазмұндағы 4, 9, 10-сынып оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін мемлекеттік ғылыми-педагогикалық сараптаудан өткізу жұмысын бастады. 

Сараптамаға 727 аталым оқу әдебиеті келіп түсті. Сараптама қорытындысы бойынша 648 аталым сынақтан өткізуге жіберілді.

Қараша айында арнайы түзету мектептерінің 2, 5, 7 сыныптарына арналған 90 аталым оқу әдебиеті сараптамаға келіп түсті. Сараптама қорытындысы бойынша 9 аталым білім беру ұйымдарында пайдалануға ұсынылды, 81 аталым өңдеуге жіберілді.                                    2019 жылғы қаңтардың 15-нен бастап 4, 9, 10-сыныптарға арналған оқу әдебиеттері   сынақтан кейінгі сараптамаға қабылданды. Сараптамаға 672 аталым оқулық пен оқу-әдістемелік кешендері (мұғалімге арналған әдістемелік құрал, жұмыс дәптерлері, хрестоматиялар) келіп түсті. Олардың ішінде 249 оқулық:  4-сыныпқа арналған 54 оқулық,  9-сыныпқа арналған 84 оқулық, 10-сыныпқа арналған 111 оқулық.  

Өзбек, ұйғыр, тәжік тіліндегі мектептерге арналған ана тілі мен әдебиеті оқулықтары сараптамаға қабылданды.

Оқу әдебиеттерін әзірлеуші негізгі баспалар: «Алматыкітап баспасы» ЖШС,   «Атамұра» корпорациясы» ЖШС,  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ,   «Мектеп» ЖШС,   «Арман-ПВ» ЖШС,  «Жазушы» ЖШС,   «Көкжиек –Горизонт» ЖШС, «Келешек-2030», «Білім», «Сапалы білім баспасы», «Әлнаир», «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы, «Cambridge University Press», «Macmillan Publishers», «Oxford University Press», «MM Publications», «Express Publishing» баспалары.         Ғылыми және педагогикалық сараптама оқу әдебиеттері мазмұнының жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкестігіне, заманауи көзқарастар мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне, тұлғаға адамгершілік тәрбие беру міндеттеріне сәйкестігіне жүргізіледі. Оқу материалдарының мәтіндік, иллюстрациялық, әдістемелік аппаратының сапасы бағаланады.