Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы
Орталық туралы

«Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі Орталық) ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі №405 қаулысына сәйкес құрылды.

Орталық қызметінің мақсаты - білім мазмұнын бағалау және оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сараптау арқылы білім беру сапасын қамтамасыз етуге ықпал жасау.

Орталық Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» Заңының 23 бабына сәйкес ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 1134 бұйрығы негізінде ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттелді. Бұл Орталыққа Қазақстан Республикасы бюджеті есебінен ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет конкурсына қатысуға мүмкіндік береді

Зертханалар